Қызылордалық полицейлер есірткіге қарсы отбасылық байқау ұйымдастырды
Қызылордалық полицейлер есірткіге қарсы отбасылық байқау ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықтың белсенді және салауатты өмір салтын жүргізуге ынтасын дамытуға негізделген профилактикалық жұмысты жетілдіру мақсатында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Берік отбасы – есірткіден алыс!» атты отбасылық байқау ұйымдастырды. Байқау онлайн форматта өтті.Қатысушылар «Танысу» сайысында сөз сөйлеп, өз отбасыларының бірегейлігін ашты. Содан кейін «Отбасылық флешмоб» көрсетіліп, бірге есірткіге қарсы ән шырқады. Олар өз баяндамаларын бейнеұсыным ретінде жазып, мессенджерлер арқылы облыс өңірлеріндегі сайыстық комиссияларға жіберді, байқаудың үздік жұмыстары сайыстың екінші кезеңіне қатысты.
Финалдық байқауға 28 отбасы қатысты. Байқауға қатысушылар өз ойларын шығармашылықпен жеткізе білді. Түрлі ақпаратты пайдаланып, нашақорлық мәселесі бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Байқау комиссиясының шешіміне сәйкес қатысушылар жинаған ұпайларына сәйкес аймақтық және облыстық жеңімпаздар, сондай-ақ номинация жеңімпаздары деп танылды. Байқаудың барлық қатысушылары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.