Павлодар облысында мотоцикл жүргізушісіне қатысты төрт әкімшілік іс қозғалды
Павлодар облысында мотоцикл жүргізушісіне қатысты төрт әкімшілік іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Павлодарлық полицейлер күн сайын алкогольдік немесе нашақорлық мас күйінде рөлге отырған жүргізушілерді анықтап отырады. Полицейлердің ескертулеріне қарамастан, кейбір жүргізушілер айналасындағыларды ойламай, өздеріне көлік құралын басқаруға ерік береді. Тек өткен апта ішінде Павлодарда мас күйінде көлік құралын басқарған 14 жүргізуші ұсталды, – деді Павлодар қаласы ПБ-ның бастығы Данияр Бек.
Мәселен, Кенжекөл ауылында полицейлер жылдамдық режимін асырып жүрген мотоцикл жүргізушісін байқады. Жүргізуші және оның жолаушысы шлемсіз болған. Мотоцикл жүргізуші тоқтау өтінімін елемей, тәртіп сақшыларынан жасырынуға бет бұрды. Полицейлер бұзушыны ұстай алды. Әңгімелесу кезінде жүргізушіден алкоголь иісі сезілді. Куәландыру полицейлердің болжамын растады. Жүргізушінің сөзінен, ол шынымен сол күні алкоголь ішіп, ұлын мотоциклмен дүкенге апарған.
Мотоцикл жүргізушісіне қатысты төрт әкімшілік іс қозғалды: 612-бабының 2-бөлімі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) – 20 АЕК айыппұл, 203-бабының 2-бөлімі (Міндетті сақтандыру келісім шартын жасамау) – 10 АЕК айыппұл, 590-бабының 2-бөлімі (Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерісіз көлік құралын басқару) – 10 АЕК айыппұл, 608-бабының 1-бөлімі (Мас күйде көлік құралын басқару). Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотымен жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айыра отырып, 15 тәулікке қамауға алынды.