Алматы академиясында ҚР әскери, арнаулы оқу орындары қауымдастығының кезекті отырысы өтті
ІІМ Алматы академиясында Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орындары қауымдастығының кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында қатысушылар педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру, оқу және ғылыми қызметті цифрландыру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, білім беру ұйымдары арасындағы өзара әрекеттесу және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Отырыста жоспарланған мәселелермен қатар 2023-2024 оқу жылына арналған ӘАОО төрағасы бекітілді. Әскери арнайы оқу орындары басшыларының бірауыздан қабылданған шешімімен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы ағымдағы кезеңдегі қауымдастықтың төрағасы болып қайта бекітілді.