Ақмолада такси жүргізушісі алматылық жолаушыға дене жарақатын салды
Ақмола полицейлері такси жүргізушісі мен жолаушының арасындағы жанжал фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 тамыз күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны арыз қалдырған. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы трассаның жанармай құю станцияларының бірінің жанында болған кезде такси қызметін көрсеткен Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі өтініш берушіге дене жарақатын салғаны алдын ала анықталды.
Жанжал салдарынан жолаушы аяқ табанының сынуымен облыстық ауруханаға барған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері адамды анықтап, оның бұл іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Өзге тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Сараптама тағайындалды.