Павлодар облысында 4 тұрғыннан заңсыз сақталған қару тәркіленді
Павлодар облысында төрт тұрғыннан заңсыз сақталған қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 13-19 қаңтар аралығында Павлодар облысы Шарбақты ауданының аумағында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
– Нәтижесінде ауданда 36 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық пен патрондарды заңсыз сақтағаны үшін Шарбақты ауданының төрт тұрғыны жауапкершілікке тартылды. Мысалы, ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған “ИЖ ” үлгісіндегі бір бірлік қару табылып, тәркіленді. Мылтық тәркіленді және баллистикалық сараптамаға жіберілді. Құқық бұзушыға қатысты полициямен ҚР ӘҚБК 482-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деп хабарлады Жергілікті полиция қызметінің бастығы Талғат Балтабаев.
Тәртіп сақшысы сондай-ақ ауыл тұрғындары ұсақ бұзақылық жасағаны, алкоголь ішімдіктерін ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, ал аудан аумағында тіркеусіз 26 адам тұрып жатқанын атап өтті. Барлық бұзушылар жауапкершілікке тартылды