Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер үш ірі өртті сөндірді

Көкпекті, Күршім және Зайсан аудандарында отты ұқыпсыз пайдаланудың салдарынан үлкен өрт оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№33 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Көкпекті ауданының Тассай ауылдық округінде бөлімшеден 85 шақырым жерде болған өртті сөндіруге шықты. Мал базасының аумағында ғимараттың шатырын жөндеу кезінде 300 шаршы метр аумақта ағаш құрылымдары мен алаңы 500 шаршы метрді құрайтын қоқыс отқа оранды. Оқиға орнына мемлекеттік өртке қарсы қызметі келгенінде Тассай ауылы әкімдігінің бекініс бекеті жұмыс істеп жатты. Өртті сөндіру үшін барлығы сегіз адам мен екі техника жұмылдырылды.

Зайсан ауданында өрт сөндірушілер 500 шаршы метр аумақтағы оттың бетін қайтарды. Бөлшектеу сатысында болған ғимаратты өрт шарпыды. Оның маңында құрылыс қоқыстары, шыны мақта болған, алдын ала болжам бойынша олар жанып соның салдарынан өрт шыққан. Ауданның №25 өрт сөндіру бөлімінен бес адам жұмылдырылып, өрт толығымен жойылды.

Күршім ауданында Оң жақ Қалжыр ауылында тұрғын үй ғимараттары, шөптер мен қоқыс өртенді. Кеш түскенше Марқакөл ауылының өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, әкімдіктің өрт сөнндіру бекеті, орманшылар мен тұрғындар жалынмен арпалысты. Өрттің салдарынан ауданы 271 шаршы метр төрт шаруашылық құрылыс, алты тонна шөп жанып кетті. Өрттің жалпы аумағы 500 шаршы метрді құрады.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Барлық өрттер толығымен жойылды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру