Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

16 күндік акция жалғасуда

Түркістан облысында “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданының аумағында 25 қараша-10 желтоқсан аралығында “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы өткізілуде.

Акцияны өткізудің негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, алдын алу, ана мен баланы қорғау болып табылады. Осы орайда Түлкібас аудандық полиция бөлімінде “Жедел желі” жұмысы ұйымдастырылды.

2020 жылдың 10 айында аудан көлемінде әйелдерге қатысты 152 қылмыс тіркелді, оның ішінде тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы қылмыстар саны – 28. Бұл фактілер бойынша 80 қылмыстық іс қозғалды, 22 істің өндірісі қысқартылды.

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында жасалған құқыққа қарсы іс-әрекеттері үшін 173 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамасы ресімделді. Бұл көрсеткіштер өткен жылға қарағанда әлдеқайда төмендеген.

Шара барысында Түлкібас ауданының тұрғындарына “Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы” жадынамалар мен медициналық бетперделер таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру