Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖД бастығы азаматтарды қабылдады

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД бастығы “ZOOM” интернет платформасы арқылы азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қарашада Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Алмас Шамишев “ZOOM” интернет платформасы арқылы азаматтарды қабылдады.

Онлайн байланысқа шыққан Ақтөбе қаласының тұрғыны Орал қаласындағы РУ-170/3 мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан 3-топтағы мүгедек жолдасына 2020 жылы мүгедектігі бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдердің тоқтатылу себебін сұрады. Айтуынша, оның жолдасы болып табылатын сотталған азамат бұған дейін Ақтөбе облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеу кезінде біржолғы әлеуметтік төлемді алып келген.

Департамент бастығы Алмас Шамишев азаматшаға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталғанға мүгедектік бойынша біржолғы әлеуметтік төлем Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 13 сәуірдегі №546 шешімінің негізінде сотталғандардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде толық мемлекеттік қамтуда болуына байланысты тоқтатылғанын түсіндірді.

Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың халықпен кері байланыс орнату жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД және оған бағынысты мекемелерде азаматтық тұлғалар мен сотталғандардан келіп түсетін сауалдарға дер кезінде ден қойылады.

2020 жылы ҚАЖД және оған бағынысты мекемелердің басшылары 1400-ге жуық жеке қабылдауды жүзеге асырды. Жыл басынан бері Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД бөлімшелеріне екі мыңнан астам өтініш келіп түскен.

Келіп түскен өтініштер атаулы әлеуметтік көмек алу, сотталғандарды ұстау жағдайлары, медициналық қызмет көрсету сапасы және тағы басқа мәселелер төңірегінде болды. Барлық өтініштер бойынша уақтылы ден қою шаралары қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру