Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауласында қарасора өсірген Түркістан тұрғыны қамауға алынды

Полицейлер Түркістан облысының тұрғынынан 170 түптен астам қарасора тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кезекті сора егісін жойды. Жедел уәкілдер Ордабасы ауданы тұрғынының үйінен құрамында есірткі заты бар тыйым салынған өсімдік тауып, күдіктіні ұстады.

Ер адам ауласындағы арнайы қоршалған жерде заңсыз қарасора еккені белгілі болды.

Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде құрамында есірткі бар 170 түптен астам өсімдік тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, алынған қарасораның жалпы салмағы 1 келіден асты.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (құрамында есірткі заттары бар өсіруге
тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Істің толық мән-жайын тексеріледі. Күдікті қамауға алынды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру