Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

19 жастағы жігіт суға батып кетті

Жамбыл облысында 19 жастағы жігіт айдынға батып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 мамырда жеміс ағаштарын тамшылатып суару үшін жасалған жасанды су айдынында, тереңдігі төрт метрге суға шомылу кезінде 2001 жылы туған жігіт батып кеткендігі туралы хабар келіп түсті. Оқиға Байзақ ауданы Ақшолақ ауылынан төрт шақырым қашықтықта ЖШС-нің бірінің
аумағында орын алған. Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД бір қызметкері мен бір техникасы шықты.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері күн сайын тұрғындар арасында рейдтер өткізеді. Бірақ соған қарамастан, бұл – алтыншы жағдай. Жыл басынан бері алты адам суға кетті, олардың біреуі құтқарылып, бес адам көз жұмды, олардың үшеуі балалар.

Суда демалғанда немесе жұмыс істегенде, өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаңыздар, апатқа
ұшырағандарға дұрыс және уақтылы көмек көрсетуді үйреніңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру