Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мотоцикл” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 416 құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада “Мотоцикл” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 416 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың маусым айының 18-25 күндері аралығында Қызылорда облысы бойынша “Мотоцикл” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның жеті күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 416 дерегі, оның ішінде, мотокөлік құралдары арқылы түнгі тыныштықты бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 437-бап) – сегіз, жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік белгі тағудың (590, 4-б.) – үш, заңсыз қайта жабдықтаудың (590, 7-бап) – 25, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген (590, 9-бап) – 39, мотошлем пайдалану жөніндегі талаптарды бұзудың (593-бап) – 104, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтудің (599-бап) – 17, жаяу жүргіншіге жол бермеудің (600-бап) – тоғыз, авариялық жағдай туғызыдың (606-бап) – екі, тиісті құжатсыз мотокөлік басқарудың (612,1-б.) – 141, мас күйінде мотокөлік басқарудық (608 бап) – екі деректері анықталып, 95 мотокөлік айып алаңдарына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру