2 ер адамның арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды
13 қыркүйекте екі ер адамның арасында спирттік ішімдік ішу кезінде жанжал шығып, салдарынан олардың біреуі пышақ жарақатын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарақат алған ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 24-99-бабымен (Адам өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен жәбірленушінің қайын ағасы болып табылатын күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.