Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

20 текше метр ағаш ұрлаған көкшетаулық ұсталды

20 текше метр ағаш ұрлаған көкшетаулық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 ақпанда Ақкөл аудандық полиция бөліміне Бұланды ауданының 28 жастағы тұрғыны 18-22 ақпан аралығында белгісіз адамдар алқаптан 20 текше метр дайындалған ағашты ұрлағаны туралы өтінішпен жүгінді.

Шығын сомасы бір млн теңгені құрады. Жәбірленуші іскерлік ағаш дайындайтын жер учаскесін жалға алады. 18 ақпанда қойма орналасқан Бұланды ауданына 40 текше метр ағаш әкелді. Алайда ауа райының нашарлауына байланысты ол 20 текше ағашты ала алмады және сол жерде қалдырды.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы ағашты алып кеткен арнайы техниканың іздерін тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Хабарландыру арқылы манипулятор мен КамАЗ жүк көлігін жалдап, ағашты алып, астанада сатқан. ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру