Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер тұрғындарға есеп берді

Нұр-Сұлтан қаласының “Байқоңыр” ауданы Полиция басқармасының басшысы халық алдында есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің медиа-орталығында “Байқоңыр” ауданы ПБ бастығы Дәурен Қазбеков брифинг өткізіп, ПИК, қызмет көрсететін ұйымдар және көппәтерлі үйлер тұрғындарының чаттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыстар туралы айтты.

Бүгінгі таңда құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша, сондай-ақ, аудан тұрғындарының қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қалыпты демалысын, тыныштығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту шаралары бойынша бірлескен жұмыс мәселелері аса өзекті болып табылады.

Сөз барысында қылмыстардың 23,1%-ға төмендегені және қоғамдық орындарда қылмыстар 16%-ға азайғаны айтылды. Бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі 16,5%-ға және интернет-алаяқтық 73,8%-ға төмендегені байқалады.

Тұрақты негізде полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша сақтық шараларын түсіндіріп, жалпы үй чаттарына бейне материалдарды түсіріп жібереді. Аудандық полиция басшысы азаматтарға сақтық танытып, сенімділігіне көз жеткізбестен электронды әмияндарға, ұялы телефон шоттарына, хабарламада көрсетілген координаттар бойынша бейтаныс адамдарға ақша аудармауды ескертті. Интернет-алаяқтық жасалған кезде полицияға дер кезінде хабарлау қажет, өйткені тек өзара жауапкершілік мұндай қылмыстарды болдырмауға ықпал етеді.

“Байқоңыр” ауданы бойынша 190-нан астам қызмет көрсететін ұйым бар, оларға Полиция басқармасы аппараты қызметтерінің басшылары бекітілген, сондықтан өтініштердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды.

Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары ПИК-тің қатысуымен халық алдында 35 есеп беру кездесуін өткізді, келіп түскен барлық өтініштер бойынша шаралар қабылданды. Аталған кездесулерде қала тұрғындарын толғандыратын, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, алкогольді және есірткі заттарын пайдаланатын адамдардың қоғамдық тәртіпті бұзуына байланысты түйткілді мәселелер көтерілді.

ПИК басшылары полиция қызметкерлерінің жұмысын оң бағалап, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға белсенді атсалысуда. Осыған байланысты полицияға көмек көрсету бойынша ерекше көзге түскен ПИК басшылары атап өтілді. Бұлар:

– “Айша” ЖК ПИК атынан Болат Абенов (“Южный”, “Эверест”  2 ТҮ-не қызмет көрсетеді);
– “Родина-Астана” ПИК атынан Антонина Таца (Тәшенов және Бараев көшелеріндегі 6-шы үйге қызмет көрсетеді);
– “Нұр-Жеңіс” ПИК атынан Қанат Жайлаупов (Досмұхамедұлы 4 көшесіндегі 1-ші үйге қызмет көрсетеді);
– “Эдем Палас-2” ПИК атынан Аслан Умербеков (“Эдем Палас” 1 және 2 ТҮ-не қызмет көрсетеді).

“Шапағат Нұры”, “Мерей Интерконти”, “Жарқын”, “Түркістан” тұрғын үй кешендерінде бірде-бір қылмысқа жол берілген жоқ.

Аудан әкімдігімен, ПИК-пен өзара іс-қимыл аясында учаскелік полиция инспекторларының бастамасы бойынша осы жылдың басынан бастап “Кирпичный” тұрғын алабының аумағында алты бейнебақылау камерасы және сауда нүктелерінде (Макинский тұйық көшесі, Кемеңгерұлы көшесі, Тәшенов көшесі) үш бейнебақылау камерасы орнатылды.

Отбасындағы тұрмыстық қылмыстың алдын алу ішкі істер органдары қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 60-тан астам құқық бұзушылық анықталды, 170 қорғау нұсқамасы шығарылды, 185 отбасылық жанжалмен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Дағдарыс орталығына зардап шеккен 112 әйел жіберілді, оларға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы кеңес берілді.

“Байқоңыр” ауданы ПБ бастығы Дәурен Қазбеков ПИК өкілдеріне, жалпы азаматтарға немқұрайлы қалмау туралы өтінішпен жүгініп, егер құқыққа қарсы әрекет туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, дереу полицияға хабарлауды сұрады.

Полицейлердің қызмет көрсететін ұйымдармен және аудан тұрғындарымен тығыз өзара іс-қимылының арқасында чаттар арқылы жыл басынан бері 120-дан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, 15 адам наркология орталығына жеткізілді, отбасылық жанжалдарға қатысты 26 қорғау ұйғарымы шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру