Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​облысында алаяқ тұрғынның атынан үш тауарлық несие рәсімдеген

Қарағанды ​​облысында алаяқ тұрғынның атынан үш тауарлық несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 10 желтоқсанында Қаражал қаласының полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушы ер адам интернет арқылы белгісіз біреудің оның атына 1 млн 250 мың теңгеге тауарлық несие рәсімдегенін айтты. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

16 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – облыстың ауылдық округтерінің бірінің 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті кінәсін мойындады.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас екі қылмысқа қатыстылығын анықтады. Қазіргі уақытта амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру