Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саран полицейлері ұрланған көлікті иесіне тауып берді

Саран полицейлері ұрланған көлікті иесіне тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қаңтарда Қарағанды ​​облысы Саран қаласының полиция бөліміне 34 жастағы ер адам жүгінген. Үйдің ауласынан біреу көлік ұрлап, белгісіз бағытқа қашып кеткенін айтты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

15 ақпанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – Теміртау қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Ұрланған көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру