Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы тергеу изоляторына «Біз азаптауға қарсымыз» бірлестігінің басшысы келді

Алматыдағы тергеу изоляторына «Біз азаптауға қарсымыз» бірлестігінің басшысы келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласындағы тергеу изоляторына «Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық бірлестігінің басшысы Елена Семенова келіп, қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған күдіктілермен кездесті.

Күндізгі сағат 11.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін тұтқындар ұсталатын камераларды аралаған аталған бірлестік басшысы тұтқындардың әрқайсысымен жүздесіп, азаптау фактілері туралы сұрады.

Сонымен қатар, ол ЛА-155/18 мекемесіндегі тергеу қамауындағылардың тамақтану жағдайын да өз көзімен көріп, олармен медициналық көмек көрсетудің сапасы жайлы әңгімелесті.

«Біз азаптауға қарсымыз» бірлестігінің басшысы Е.Семеновамен бірге камераларды аралаған Алматы қаласы прокуратурасының басқарма басшысы А.Омаров та тұтқындармен әңгімелесіп, оларға өз құқықтарын түсіндірді.

– Тергеу изоляторына құқық қорғаушылар мен әртүрлі қоғамдық бірлестік өкілдерінің жиі келуі қазір қаңтар оқиғасына қатысты қамалғандарды азаптау жайлы жалған ақпараттардың алдын алады. Тұтқындармен мұндай жүздесулер кезінде тексерушілер Тергеу изоляторындағы ұстау жағдайына да қанығады, – дейді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Е. Ұзақов.

Тексеру кезінде күдіктілер тарапынан азаптауға байланысты ешқандай шағым болған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру