Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері халықпен күнде онлайн-диалог жүргізуде

СҚО полицейлері халықпен күнде онлайн-диалог жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері халықпен әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасау практикасын кеңейтуде. Полиция басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары өздерінің Instagram және Facebook-тағы жеке және облыстық Полиция департаменті аккаунтарында тұрақты негізде тікелей эфирге шығады. Олар криминогендік жағдай туралы баяндап, қылмыстық қол сұғушылықтан қорғану бойынша ұсыныстар беріп, желі қолданушыларының сұрақтарына жауап береді.

Өзекті мәселелердің бірі – интернет-алаяқтық. Алаяқтықтан сақтану жолдары, желідегі алаяқтардың құрығына түскен жағдайда жасалатын әрекеттер қандай? Дәл осы жөнінде тікелей эфирде СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев сөз қозғады.

– Полицейлер тұрақты негізде профилактикалық жұмыс жүргізеді, жадынамаларды таратып, алаяқтардың амал-тәсілдері туралы ескертеді. Алайда тікелей эфир халықтың сұрақтарына толығырақ жауап беруге мүмкіндік береді. Егер сіз алаяқтың құрбанына айналсаңыз, шұғыл полицияға жүгініңіз. Полицейлерге қылмыскермен алмасқан хаттардың скриншотын түсіріп жіберіңіз, сондай-ақ сізге хабарласқан адамның нөмірін беріңіз. Бұл ақпарат жедел уәкілдердің жұмысын жылдамдатып, қылмысты ашу мүмкіндігін арттырады, – деді ол.

СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, жұмыстың жаңа форматы – сервистік жұмыс моделін кеңейтуге арналған бағыттың маңызды бөлігі, бұл қоғам мен полиция арасындағы диалогті көздейді. Ашықтық және қол жетімділік адамдарға ыңғайлы формада жүзеге асырылады. Желі қолданушыларының сұрақтары өзекті күн тәртібін белгілеуге мүмкіндік береді, бұл қоғам мен полицияны жақындата түседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру