Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

2023 жылы ШҚО-да табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 1300-ден астам дерегі тіркелді

2023 жылы ШҚО-да табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 1300-ден астам дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Браконьерлер – жеке баю мақсатында табиғатқа ғана емес, жалпы елге зиян келтіретін қылмыскерлер. 2023 жылы табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен 1845 рейдтік іс-шара өткізілді, оның барысында табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес 1300-ден астам құқық бұзушылық, оның ішінде 50-ге жуық қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Полиция қызметкерлері балық ресурстарын, заңсыз аңшылықты және қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерінің айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесті. Аяқталған қылмыстық істер сотқа жолданып, кейбір браконьерлер өз жазасын алып үлгерді.

Мысалы, Алтай ауданының 57 жастағы тұрғыны 3 бұлғынды заңсыз аулағаны үшін бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді.

Алтай ауданының 30 жастағы тұрғыны екі жылға бас бостандығынан айырылды, ол Богатырево ауылындағы Бұқтырма өзенінің арнасында қызыл кітапқа енген таймень балығын ұстаған. Глубокое ауданының Черемшанка ауылында сирек кездесетін жабайы сарымсақ өсімдігінің 4 мыңға жуық данасын жинап, Риддер қаласына сату үшін барған ШҚО-ның төрт тұрғыны бас бостандығын шектеудің әртүрлі мерзімдеріне (1 жыл және 3 жыл) сотталды.

Полицейлер азаматтарға заңсыз аң аулағаны үшін жауапкершілік көзделгенін ескертеді және экологиялық әл-ауқатты сақтауға, табиғат пен жануарлар әлемін қорғауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру