Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығысқазақстандық жастар полиция қызметімен танысты

Шығысқазақстандық жастар полиция қызметімен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ренат Қанатұлының бастамасымен Шемонаиха мәдениет үйінде ашық есік күні өтті. Іс-шара жас ұрпақты ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктерімен таныстыру және мектеп пен колледж түлектерін кәсіптік бағдарлау мақсатында ұйымдастырылды.

Полицейлердің жұмысымен жақынырақ танысқысы келетіндердің барлығы патрульдік көліктерді, нысанды киім-кешек және Шемонаиха АПБ шағын мұражайында жиналған және ұқыпты сақталған өткен жылдардағы техника мен экспонаттарға бай көрмені тамашалады.

Бірақ көрменің ең қызықты бөлігі криминалистің жұмысын көрсету және полицейлер қызметте қолданатын қару-жарақ пен арнайы құралдармен танысу болды. Шемонаиха АПБ криминалисті Қалиев Аман балаларға жұмыс құралдарын көрсетіп, олардың қолданылуы туралы айтып берді, ал Тұрысбек Әміренов қонақтарға ІІО қызметкерлерінің арсеналында бар қару-жарақ пен арнайы құрал-жабдықтарды көрсетті. Кейін ШҚО ПД кадр қызметкерлері оқушылар мен студенттерге Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарына және ІІО қызметіне түсу тәртібін айтып берді.

ШҚО ПД бастығының орынбасары өз сөзінде ведомстволық оқу орындарына түсу мәселелерін қозғап қана қоймай, қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселе – интернет алаяқтық, олардан қорғану тәсілдері жайлы еске сала отырып, қатысушыларға есірткі қылмысы туралы және ол үшін қандай қылмыстық жауапкершілік көзделгенін айтып, сондай-ақ, буллинг және жасөспірімдер қылмысы туралы әңгімелесті.

Іс-шара барысында ШҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Мұратханова Әсел баяндама жасады. Кейіннен сөз кезегі ІІО зейнеткері, ІІМ Қарағанды академиясының түлегі Мұратбеков Миратқа берілді.

Іс-шара шағын концертпен аяқталды, онда қонақтарға мәдениет үйінің әртістері мен Шемонаиха полиция бөлімінің қызметкері Телжан Сәрсеков патриоттық вокалдық нөмірмен өнер көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру