Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері қарияның ұрланған телефонын қайтарып берді

Түркістан облысының полицейлері қарияның ұрланған телефонын қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы күдікті ер адамды анықтады.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің танысы болып шықты. Оңай олжа таппақ болған ол жалғызбасты қарияның үйіне келіп, онымен бірге ішімдік ішкен. Қарт кісінің ұйықтап кеткен сәтін күткен күдікті үстел үстінде тұрған телефонын жымқырып, оқиға орнынан тайып тұрған.

Осылайша, қолды қылған телефонды сатып жібермек болған. Алайда полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында мүлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда күдіктінің бұдан басқа да қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру