22 жастағы көкшетаулық жігіт ұрлық жасады деген күдікке ілінді
22 жастағы көкшетаулық жігіт ұрлық жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 шілдеде Көкшетау қаласының Полиция басқармасына ұрлық жасалғаны туралы 35 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Өтініш беруші 8-11 шілде аралығында белгісіз тұлға қойма үй-жайынан болгарканы, бұрауышты, дөңгелек ара мен ұялы телефонды ұрлап әкеткенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. 22 жастағы бұрын сотталмаған облыс орталығының тұрғыны ломмен шыныны сындырып, үй-жайға кіріп, ұрлық жасаған. Ұрланған электр құралдарын қаскүнем 35 мың теңгеге сатып, ал телефонды өзіне қалдырған.
ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.