Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төрт ақмолалықтың атына тауарлық несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Төрт ақмолалықтың атына тауарлық несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бурабай АПБ полиция бөліміне алаяқтық және бопсалау фактісі бойынша бірден төрт зардап шегушінің өтініштері келіп түсті. Барлық эпизодтарда қаскүнем қорқыту және алдау жолымен банктік қосымшалар және микрокредиттік ұйымдар арқылы жәбірленушілердің атына тауарлық және ақшалай кредиттер рәсімдегені анықталды. Жалпы залал сомасы белгіленуде.

Тергеу барысында қаскүнем 2021 жылғы желтоқсанда зардап шеккендердің бірінің атына “Fredom Finance Credit” МҚҰ арқылы бірден алты мобильді құрылғыны сатып алғаны белгілі болды.

Күдіктінің қатысуымен соңғы оқиға 11 шілдеде орын алды.

Щучинск тұрғыны полицейлерге кездейсоқ таныс адам қорқыту және зорлық-зомбылық көрсету арқылы оның ұялы телефонын пайдаланып, “Halyk Bank” АҚ қосымшасы арқылы интернет дүкен алаңында жәбірленушінің атына жалпы құны 169 890 теңге тұратын мобильді құрылғыны сатып алғанын хабарлады.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Барлық жәбірленушілер қаскөйді таныды.

Бурабай АПБ аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-тармағының 3-бөлігі (Алаяқтық), ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру