Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін”: Шымкентте 4 бірдей тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды

Шымкентте төрт бірдей тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы ПД-нің Әл-Фараби АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз азаматша Шымкент, Нұр-Сұлтан, Түркістан қалаларынан жағдайы төмен отбасыларға пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп, 7 млн теңге ақшасын алып, қайтармай қойған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190 бабы 3-бөлігімен тіркелді.

Шымкенттік тәжірибиелі полицейлер қылмысты дер кезінде ашып, алаяқты ұстауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде, бұл жайтқа қатысы бар жергілікті тұрғын ұсталды.

Белгілі болғандай, жас келіншек оңай жолмен ақша табу мақсатында дәл осылай бірнеше тұрғынды алдап келген.

Күдіктінің жалпы алаяқтықтың 4 жайтына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 14,5 миллион теңгені құрады.

Қазіргі таңда алаяққа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр..

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру