Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда қымбат виски ұрлаған күдікті анықталды

Павлодарда қымбат виски ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда супермаркеттердің бірінен алкоголь ұрланды. Ұры Jack Daniels қымбат вискиді қолды етті. Ұрлық болған сәт дүкенде орнатылған камераға жазылып қалған.

Павлодар облысының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған 35 жастағы күдіктіні ұстады. Бұл сусынның құны – 16 мың теңгеден асады.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК 187-бабы (Ұсақ ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың қала аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – деп хабарлады полицияда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру