Ақтөбе облысының тас жолында автокөліктің бұзылу салдарынан 3 баласы бар әйел жолда тұрып қалды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
9 ақпан күні түнгі уақытта патрульдік полиция ротасының қызметкерлері А.Меңдібаев пен С. Жамбылов «Самара-Шымкент» тас жолында таңғы сағат 06:00 шамасында жол жиегінде тұрған автокөлікті көріп, онда екі ер адам және үш баласы бар екі әйел (3 айлық, 4 айлық мен 1 жас) болған.
Аталған оқиға бойынша жолаушылар Хромтау қаласына қонаққа келіп,
түнде Ақтөбе қаласына қарай жолға шықпақ болған. Жол бойында электр сымдары жанып кетіп, соның салдарынан автокөлік оталмай қалған. Қараңғы түнде жол үстінде ешқандай көлік болмаған және жолаушыларға амалсыздан жол үстінде күтіп отыруға,көмек күтуге мәжбүр болды.
Полиция қызметкерлері алдымен балалары бар әйелдерді қызметтік
көлікке отырғызып, жылытты. Жолда қозғалыс басталған соң, Ақтөбе
қаласына дейін баратын жолай автокөлікке ауыстырған. Сынған автокөлік «Газельмен» сүйреуге алынды. Ешкім зардап шеккен жоқ, барлық жолаушылар үйлеріне аман- есен оралды.