Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есіктің құлпы байқаусыздан бекітіліп,ішінде 2 сәби қалған

Гвардияшылар мен полицейлер бірлескен күшпен балалардың байқаусыздан жапқан есігін ашуға көмектесті,-деп хабарлайды Polisia.kz.

9 ақпанда қатардағы Абай Құлмахамбетов,Серік Ихсан мен Әли Успанов құрамындағы әскери наряд елордалық “Сарыарқа” ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқарды.

Сағат 19:30 шамасында патрульдеу бағытын аралау кезінде азаматтар Дүкенұлы көшесіндегі жатақханадан бөлме есігін ашуға көмек сұрап өтініш білдірген әйелді байқады. Бөлме иесі бір минутқа сыртқа шығып кеткен, пәтерде екі баласы – бір жасар Аруна және 3 жасар Медина қалған.Балалар абайсызда құлыпты бекітіп алған. Әскери наряд болған оқиға туралы хабарлады, полиция қызметкері – учаскелік полиция капитаны Ерлан Жаңабаев бөлмеге кіріп, қажетті шаралар қабылдады.

Тұрғын үйдің 4- қабатына көтерілгеннен кейін полиция капитаны әскери нарядтың солдат белбеуі түріндегі сақтандыру көмегімен терезе арқылы 3-қабатқа қыздардың анасы Мәншүк Салимованың бөлмесіне түсіп, есікті ішінен ашты.

Өз қыздарымен кездесуден жарты сағат өткен соң Мәншүк Сергеевна полиция қызметкері мен гвардиялық нарядқа алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру