Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментінің басшысы тағайындалды
Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментінің басшысы тағайындалды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Саламатов Есқали Амангелдіұлы, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы лауазымына тағайындалған Шамишев Алмас Абжанұлын департаменттің жеке құрамына ресми түрде таныстырды.
«Алмас Абжанұлы көп жылдар бойы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде және орталық аппаратта қызмет етіп, өзіндік жақсы ізін қалдырды. 20 жыл бойы Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етіп келетіндіктен, осы жүйені өте жақсы біледі және өздеріңіз білесіздер, күні бүгінге дейін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін өте жоғары жауапкершілікпен атқарып келді. Пенитенциарлық жүйені жетілдіру – Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жол картасының бір бағыты. Осы бағытта, түзеу мекемелерінде сотталғандарды жұмыспен қамту және осы тұрғыда мекемелерде сотталғандарға жұмыс орнын ұсынатын жеке кәсіпкерліктерді тарту бірінші орынға қойылған. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің алдында күрделі міндеттер тұр, оларды шешу қылмыстық- атқару жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатады және азаматтардың сенімін арттырады. Бұл ретте министр Е.Тургымбаевтың алға қойған тапсырмасын Алмас Абжанұлының өте жоғары жауапкершілікпен атқаратынына сенеміз»-деп атап өтті Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Есқали Саламатов таныстыру кезінде.
Ақтөбе облысы әкімдігінде, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
төрағасының орынбасары Саламатов Есқали Амангелдіұлы, Ақтөбе облысы
бойынша ҚАЖ департаменті бастығы лауазымына тағайындалған әділет
полковнигі Шамишев Алмас Абжанұлын Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын
Сейілұлына ресми түрде таныстырды.
Өз кезегінде Ақтөбе облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
бастығына тағайындалған Алмас Шамишевті жаңа лауазымымен
құттықтаған облыс әкімі Оңдасын Оразалин:
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткеніндей, ішкі істер органдарын жаңғырту, бірінші кезекте, қоғамның талаптарына жауап беретін, заманауи қауіп-қатерлер жағдайларында қылмысқа қарсы тиімді іс-қимылға дайын жаңа форматтағы полицияны қалыптастыруға бағытталған. Түрме жүйесі өте жауапты, әрі қауіпті сала. Дегенмен, Алмас Абжанұлы бұл салада өзін білікті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді және және осы күнге дейін өте жақсы әріптестікте жұмыс жасап келдік. Алдағы күндері де нәтижелі жұмыстар атқаратынымызға сенемін»-деді.