Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

55 борышкердің жүрген жері анықталды

Ақмола полицейлері алимент төлемейтіндерді іздестіру жұмыстарын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылы Ақмола облысында алимент төлемеген 58 борышкерге іздеу жарияланып, олардың 55-інің жүрген жері анықталды.

Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-анаға 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған. Бұдан басқа борышкерге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктеледі.

Мәселен, 13 қаңтарда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан алимент бойынша қарызын өндіріп алу туралы жеке сот орындаушысының ұсынымы келіп түсті.

Көкшетау қаласының 51 жастағы тұрғынында балаларды күтіп-бағуға 1 млн теңгеден астам мөлшерде қарыз болғаны анықталды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 139-бабымен (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру