Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

58 дана трамадол және 31 дана трапикамед: Атырауда 22 жастағы қала тұрғыны психтропты дәрі-дәрмек сатқан

Атырауда 22 жастағы қала тұрғыны психтропты дәрі-дәрмек сатқаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында психотроптық препараттарды сатумен айналысқан азамат “Дәрмек” жедел-алдын алу іс шарасы кезінде анықталды. Ол қаладағы Азаттық көшесі бойында заңсыз сатып жүрген. Тексеру барысында 1999 жылы туған азаматтан 58 дана трамадол және 31 дана трапикамед дәрі-дәрмектері алынды.

Қазіргі уақытта, аталған адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426 бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу) фактісі бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін іс-құжаттар жолданды.

– Атырау облысы аумағында өткен “Дармек ” жедел алдын алу іс-шарасы кезінде барлығы бес әкімшілік құқықбұзушылық (ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы 1-бөлімімен – екі, ҚР ӘҚБтК 464-бабы 1-бөлігімен – бір, ҚР ӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігімен – екі) және алты қылмыстық, яғни (ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігімен – төрт, ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен – бір, ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігімен – екі) құқықбұзушылық анықталды. Сонымен қатар,екі медицина қызметкерінен трамадол 69 тропикамед дәрілік препаратының 1 280 таблеткасы алынып, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жинақталған іс-құжаттар Атырау облысы Жергілікті полиция қызметі басқармасына, облыстық Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жіберілді, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру