Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полициясы мүмкіндігі шектеулі балаларды мерекемен құттықтады

Маңғыстау полициясы мүмкіндігі шектеулі балаларды мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың бұйрығымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай маңғыстаулық полицейлер Балалар үйлеріне, мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған отбасыларға барып балаларды мерекелерімен құттықтады. Соның бірі, департамент бастығының орынбасары Жанар Иргалиева бастаған бірқатар полицейлер Ақтау қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығына барып, балалардың мерекелік керемет кештерінің көрермені болды. Сахналық қойылым қойған балалар, көрерменнің қолдауымен одан әрі жігерлене түсіп, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетті.

Барлық бала бақытты болу үшін, күліп өмір сүру үшін жаралған. Өңірдің тәртіп сақшыларының да бар мақсаты – осы жеткіншектердің жүзіндегі күлкіні көру. Әр мереке сайын балаларға барып, сыйлықтарын табыстап, хал-жағдайларын сұрау полицейлер үшін әдетке айналған. Бұл жолы да құр қол емес: ойыншықтар, оқу-құралдары, толы жеміс пен тағамдар және тағы басқа керек-жарақтар түріндегі сыйлықтарды табыстап, балалардың қуанышына себепкер болды.

Шара соңында аталмыш орталықтың басшысы барша тәртіп сақшыларына ұмытпай, әрдайым көмек қолын созып тұратындықтары үшін алғысын білдіріп, департамент бастығына Алғыс хат табыстады.

Өз кезегінде, полицей Жанар Иргалиева да орталықтың ұжымын, балаларды мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізіп:

– Ешқашан өздеріңізді жалғызбыз деп ойламаңыздар. Сіздерге әрдайым көмек қолын созатын біздер бармыз. Біз сіздерді ұмытпаймыз. Алдағы уақытта да келіп тұрамыз, – деді сөз соңында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру