Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері жол бойында түсіп қалған қомақты ақшасы бар әмиянды иесіне табыстады

Атырау полицейлері жол бойында түсіп қалған қомақты ақшасы бар әмиянды иесіне табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Мен таксиге 200 мың теңгеден астам ақша бар әмиянмен отырғанмын. Алайда шыққан кезде ұмытып кетіппін. Бұл мен үшін үлкен материалдық шығын еді, алайда полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ақшам қайтарылды. Үлкен алғыс айтамын, – дейді тұрғын.

Жоғалған әмиянды іздеумен Атырау қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қызметкерлері айналысқан. Оқиғаның шамамен қай кезде болғанын, жолаушының таксиге қай жерден отырғанын және көлік маркасын анықтау үшін полицейлер бейнебақылау камераларын да тексерген. 27 жастағы ер азамат 11:50 шамасында Дина базары артынан Largus көлігіне мінбес бұрын көлік үстіне әмиянын қойып, кейін алуға ұмытқан. Автокөлік қозғалып, әмиян тұрған орнынан құлап кетеді. Кейін оның артында келе жатқан Ваз 2114 автокөлігі тоқтап, әмиянды алып кетеді.

Оқиғадағы көрініс бейнекадрларда анық көрсетілген. Бейнебақылау қызметкерлерімен аталған автокөліктің мемлекеттік нөмірі анықталып, аумақтағы батыс қызметкерлеріне бағыттама берілді. Батыс қызметкерлері автокөлікті тоқтатып, көлік иесін қалалық Полиция басқармасына жеткізді.

Көлік жүргізушісі әмиянды сол уақытта Полиция басқармасына апарып, бермек болғанын айтады. Алайда тәртіп сақшылары оны ерте тапты. Нәтижесінде қомақты ақша өз иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру