Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

61 жастағы семейлік гашиш сатумен айналысқан

61 жастағы семейлік гашиш сатумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында 24 қаңтарда Семей қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлерімен бірге қалада есірткі сатумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.

61 жастағы Семей тұрғыны жалпы салмағы 4,73 грамм «гашиш» есірткісін 36 жастағы ер адамға 8000 теңгеге сату барысында ұсталды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрын сотты болған.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде балконнан бір полимер түйіншек және өзіне тән иісі бар жасыл түсті ұнтақ тәрізді заты бар бес қағаз түйіншек табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, асүй бөлмесінің терезесінің алдында ерекше иісі бар жасыл түсті қатты зат, бір қағаз түйіншек табылды және алынды. Тоңазытқыштан жасыл түсті ұнтақ тәрізді заты бар бір полимерлі түйіншек тәркіленді. Сонымен қатар, балконның терезесінің алдында пластикалық пакеттерге салынған жасыл түсті ұнтақты зат бар пластикалық контейнер табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттар жалпы салмағы 169,29 грамм «гашиш» есірткі құралы болып шықты.

Қазіргі таңда қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру