Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ауыл тұрғынынан тапанша тәркіленді

Павлодар облысында ауыл тұрғынынан тапанша тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 ақпанда полицейлер Шарбақты ауданы тұрғындарының бірінің қоймасынан заңсыз сақталған тапаншаны тәркіледі.

– Тапанша нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, полицияға аталған затты ауыл тұрғыны қандай мақсатта сақтағанын анықтау керек, – деді Павлодар облысы Шарбақты аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Қанағат Баисов.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолдану қылмыстарының алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында Павлодар облысының аумағында “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру