Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖД қызметкерлері практикалық оқу-жаттығулардан өтуде

Ақтөбеде ҚАЖД қызметкерлері практикалық оқу-жаттығулардан өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кадр саясаты бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен департамент және қарамағындағы КА-168/1, КА-168/2, КА-168/3 мекемесінің жеке құрамымен арнайы тактикалық даярлық бойынша практикалық оқу-жаттығулар өтуде.

Оқу-жаттығулар барысында жеке құраммен “Жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесу, жеке құрамды басқару тактикасы және әрекет ету техникалары” пысықталуда. Сонымен қатар, жеке қорғану және белсенді қорғаныс құралдарымен жасалатын саптық тәсілдер мен іс- қимылдар үйретілуде.

– ҚР ІІМ бұйрығының талаптарын орындау мақсатында, арнайы тактикалық даярлық сабақтары жоспарға сай мекеменің жеке құрамымен әр ай сайын өткізіледі, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметшісі Гүлфайруз Төремұратова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру