Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда карантин режимін бұзушылар азаяр емес

Атырауда үш күн ішінде карантин режимін бұзған 20-ға жуық кәсіпкерлік нысан анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы Полиция басқармасының және қалалық әкімдік қызметкерлерінен құрылған мониторингілеу тобы санитарлық нормалардың сақталуын қадағалау бойынша өз жұмыстарын жалғастыруда.

Мысалы, 29 қаңтар күні сағат 22:45 шамасында Азаттық көшесінде орналасқан «Vivaldi” мейрамханасының, сағат 21:40 шамасында Б.Құлманов көшесінде орналасқан «Chechil Pub” барының, сағат 23:30 шамасында Қарымсақов көшесінде орналасқан «Urban” мейрамханасының сағат 20:00-ден кейін жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Аталған мейрамханалардың әрқайсысының ішінде шамамен 30-ға жуық адам болған.

Бұдан басқа, 29 қаңтар күні сағат 17:30 шамасында Бейбітшілік көшесінде орналасқан «Эльдорадо” мейрамханасының, Авангард-2 шағын ауданында орналасқан «Керуен» тойханасының ішінде 20-ға жуық адамның қатысумен туған күн өткізіліп, карантин талаптары бұзылған.

Сол күні сағат 13:30 шамасында Владимирский көшесінде орналасқан «Морокко» мейрамханасын тексеру кезінде карантин режимін бұзу дерегі анықталды, тексеру кезінде мейрамханада 50-ден астам адам болған, Х.Досмухамбетов көшесінде орналасқан «Алма» азық-түлік дүкенінің сатушысы бетпердесіз жұмыс істеп тұрған болып шықты.

Ал 30 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында М.Горький көшесінде орналасқан «Рыба моей мечты» караокесінің, Студенческий көшесінде орналасқан «Тофу» мейрамханасының, сағат 23:30 шамасында Алиев көшесінің бойында орналасқан «Родем» мейрамханасының карантин режимін бұзып, жұмыс істеп тұрғандығы анықталды. Айта кететіні, бұл кәсіпкерлік нысандардың ішінде «Рыба моей мечты», «Тофу» мейрамханалары бұған дейін де карантин режимін бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған еді.

Сонымен қатар 30 қаңтар күні Вокзал маңы шағын ауданында орналасқан «Аспандияр» мейрамханасында 50-ге жуық адамның қатысуымен туған күн өткізіліп, карантин режимін бұзылса, Абдрахманов көшесінде орналасқан «Лото» ойын-сауық клубының да жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Аталған клубтың ішінде шамамен 10-ға жуық адам болған.

31 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында Азаттық көшесінде орналасқан «Маша и Медведь» мейрамханасында 10-ға жуық адамның қатысуымен, Алмагүл шағын ауданында орналасқан “Кәусар” мейрамханасында 50-ге жуық адамның қатысуымен, Баймұханов көшесінде орналасқан “Сұлтан Холл” мейрамханасы 40-тан астам адамның қатысуымен туған күн өткізіліп, карантин режимін бұзса, сол күні Жұмыскер кентінде орналасқан «Керемет” моншасы карантин талаптарын бұзып, өз жұмысын жалғастырғандығы анықталды.

Сонымен қатар 31 қаңтар күні Құлманов көшесінде орналасқан «Персона А» киімдер дүкенінің, Тайманов көшесінде орналасқан “Белучи” әйелдер киімі дүкенінің жексенбі күні жұмыс істеп, карантин режимін бұзғандығы анықталды.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Атырау қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Айта кетейік, Атырау облыстық бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылдың 21 қаңтарындағы №1 қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарына сағат 20:00-ге дейін, азық-түлік дүкендеріне сағат 22:00-ге дейін ғана жұмысын жалғастыруға рұқсат етілген.

Ал моншалар, сауналар, СПА орталықтары мен бассейндерге алдын ала жазылу бойынша тек жұмыс күндері 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіліп, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру