Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық кәсіпкер қарағандылық тәртіп сақшыларына алғысын білдірді

Алматылық ЖШС басшысы Қарағанды облысының полицейлеріне қиын жағдайға тап болған жүргізушілеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының Полиция департаментінің бастығына алматылық “Каз Интер Плюс” жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінен қарағандылық полицейлердің осы кәсіпорынның жүргізушілеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс хат келіп түсті.

23-24 қаңтарда “Каз Интер Плюс” ЖШС көлік құралдарын басқаратын үш жүргізуші Алматы-Астана тас жолымен іссапарға шыққан. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты, сондай-ақ жүргізушілердің рөлге ие бола алмай қалуы салдарынан олардың көліктері елді мекендерден шалғайда аударылып қалған. Ауа райы күрт суытып, аяз 40 градусқа дейін көтерілген.

– Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Қарағанды облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының аға инспектор-кезекшісі Жақан Нұрбеков және ППБ-ның басқа да қызметкерлері тек апатты ресімдеу үшін ғана емес, айдалада аударылып қалған көліктермен бетпе-бет қалған біздің жүргізушілерге көп көмек көрсетті. Оқиға болған жерге ППБ жедел кезекшісі Р.Ильясов, инспекторлары Г.Рысбеков, И.Толумбеков және басқалар жедел жетіп, жүргізушілерге көмек қолын созды. Нәтижесінде біздің жүргізушілер қырық градус аяздан зардап шеккен жоқ. Оларға көліктерді қалпына келтіруге көмек көрсетіліп, жүк тапсырыс берушіге уақытында жеткізілді. Қызметкерлеріңіздің жедел әрекеттері, кәсіби шеберлігі және адамгершілігі үшін үлкен рахмет! Біз оларға және олардың жақындарына денсаулық, қызметтерінде сәттілік тілейміз! – делінген хатта.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру