Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

800-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Павлодар облысының полицейлері мереке күндері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 800-ге жуық дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке күндері Павлодар облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол берген жол қозғалысы ережелерін бұзудың 800-ге жуық дерегін анықтады.

– Мереке күндері полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет атқарды, патрульдік қызмет батальонының қосымша жасақтары жұмыс істеді. Полицейлердің негізгі міндеті құқық бұзушылықтарға, оның ішінде жүргізушілердің мас күйінде көлік құралдарын пайдалану фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесу болды, – деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жүргізушілер көбінесе қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбағаны, көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткен жаяу жүргіншілер де жауапқа тартылды.

Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады. Көлікті мас күйінде қайта басқарғаны үшін жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру