Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс полицейлеріне пәтер кілттері табыс етілді

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ертіс ауданының полицейлеріне пәтер кілттерін табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ертіс ауылында жаңа қоныс иелеріне қызметтік пәтерлердің кілттерін табыстады. Пәтер алушылардың қатарында Ертіс ауданының полицейлері де бар.

Пәтер кілттері жұбайларымен бірге үш баладан тәрбиелеп отырған учаскелік полиция инспекторы Серік Серкбұлат және аға тергеуші Арман Жүсіпбаевқа берілді.

Кілттерді табыстай отырып, облыс әкімі жаңа қоныс иелеріне ішкі істер органдарындағы қызмет жүктемесінің жоғары екенін және әрбір қызметкердің сенімді тылы мен ертеңгі күнге деген сенімі болуы өте маңызды екенін атап өтті.

– Бүгін біздің отбасымыз үшін маңызды оқиға. Өйткені әр адамның тіршілігінің негізгі қайнар көзі – оның ошағы. Отбасылық әл-ауқат көбіне осыған байланысты. Бұл ерекше және көптен күткен күн біздің өмірімізде есте қалады. Алдымызда үлкен жоспарлар тұр, біз алдағы уақытта да еліміздің, халқымыздың игілігі үшін жұмыс істеп, өңірдегі құқықтық тәртіп пен тыныштықты сақтайтын боламыз, – деді Серік Серкбұлат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру