Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

9 жастағы баланың телефонын тартып алған көкшетаулық ұсталды

9 жастағы баланың телефонын тартып алған көкшетаулық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 ақпанда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны сол күні сағат 22:00 шамасында оның кәмелетке толмаған баласынан Samsung S20 телефоны ашық түрде ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Шығын сомасы 50 мың теңгені құрады.

Әйел 9 жастағы ұлының жақын маңдағы дүкенге шыққанын айтты. Алайда ол жабылып, бала үйдің жанында орналасқан супермаркетке баруды шешті. Супермаркетке барар жолда оны баланың қолында гаджетті көрген бейтаныс жас жігіт тоқтатып, уақытты білу сылтауымен баланың телефонын алып, қашып кетті. Үйге жүгірген бала бірден анасына барлығын айтып берді.

Дереу қылмыс жасалған ауданға бірнеше автопатруль жіберілді. Көкшетау қаласы ПБ ППБ Әскер -1 экипажының қызметкерлері Қ.Естаев және Ә.Қойбағармен, ППБ қызмет инспекторы Б.Көшкінбаймен Әуезов – Пушкин көшелерінің қиылысында облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Полицейлерді көріп, ол телефонды лақтырып, жасырынуға тырысты. Телефон иесіне қайтарылды. ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру