Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да есептегі сотталғандар арасында “Үздік волонтер” конкурсы өтті

СҚО-да есептегі сотталғандар арасында “Үздік волонтер” конкурсы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖ департаменті Уәлиханов ауданының пробация қызметі тобы Жастар бастамалары орталығымен бірлесіп, волонтерлердің мәртебесін, қызығушылығы мен беделін арттыру үшін қоғамнан оқшаулаусыз жазаға сотталған және СҚО бойынша ҚАЖ департаменті Уәлиханов ауданының пробация қызметі тобында есепте тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар қатарынан “Үздік волонтер” конкурсын жариялады.

Байқау қорытындысы бойынша тұрақты жұмысы бар, волонтерлік қызметке белсене қатысатын сотталған Н. ең белсенді, адал ерікті болып анықталды.

Пробация қызметінің қызметкерлері қатысқандары үшін алғыс айтып, жеңіске жеткен адамға “Үздік волонтер” кубогы мен мақтау грамотасын табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру