Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Бала және отбасы”: Қызылорда облысында үш күнде түнгі уақытта көшеде жүрген 94 жасөспірім анықталды

Қызылорда облысында “Бала және отбасы” іс-шарасы аясында үш күнде түнгі уақытта көшеде жүрген 94 жасөспірім анықталды , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, болдырмау бағытында және кәмелетке толмағандардың жүріс тұрысына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта, көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау мақсатында 23-27 ақпан аралығында облыс көлемінде “Бала және отбасы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шараның үш күнінде полиция органдарына барлығы 117 кәмелетке толмаған жеткізілді. Оның ішінде 108 кәмелетке толмаған әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, ал қалған 9 жасөспірім қадағалаусыз және панасыз қалған.

Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 9 ата-анаға хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша 94 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама рәсімделіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабымен (Ұсақ бұзақылық) 9 жасөспірімге және ҚР ӘҚБтК-нің 437-3-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша кәмелетке толмағандарға хаттамалар рәсімделіп, тиісті шаралар көрілді.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген үш кәсіпкер, жасөспірімдерге темекі және алкоголь өнімін сатқаны үшін 9 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Білім беру ұйымдарында ювеналды полиция бөліністердің қызметкерлерімен сынып сағаттары, кездесулер, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру