Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде көліктен екі адамның мәйіті табылды

Ақтөбеде көліктен екі адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қараша сағат 17.32-де №7 гараж кооперативінде Сәңкібай батыр даңғылындағы гараждардың бірінде ВАЗ-21099 автокөлігінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ 50 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйел адамның мәйіті табылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, көмірқышқыл газымен улану нәтижесінде көз жұмған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Көмірқышқыл газы немесе көміртегі тотығы (CO) көбінесе “адамды үнсіз өлтіруші” деп аталады. Оның түсі де, дәмі де, иісі де жоқ болғандықтан, ауа секілді жұтқан уақытта айтарлықтай әсері болмайды. Ішкі организмге енген уақытта адам улана бастайды. Газдың улы қасиеттерін жоғалтпай ауамен араласып, тез таралады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру