Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері жүк көлігінің мас жүргізушісін тоқтатты

Петропавл полицейлері жүк көлігінің мас жүргізушісін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қарашада Петропавлда Мамлют тас жолы мен Рыжов көшесінің қиылысында полицейлер құжаттарын тексеру үшін эксковатор тасымалдаған КамАЗ жүк көлігін тоқтатқан. Жүргізуші 58 жастағы Ғ.Мүсірепов ат. ауданның тұрғынынан спирттік ішімдіктің иісі шыққан. Полицейлер ер адамды медициналық куәландырудан өтуге шақырған. Бірнеше тонналық ауыр жүк көлігін жүргізген кезде жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды. Жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды. Масаң күйде басқарғаны үшін жүргізушіге қатысты әкімшілік материал жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Келесі күні Петропавл қ. әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты оны 15 тәулікке қамаққа алу және жеті жылға жүргізуші құқығынан айыруға шешім қабылдады. Аталған құқық бұзушылық өткен апта бойы өткізілген “Мас жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасының соңғы күнінде анықталды.

– Мас жүргізуші – жолда қауіпке әкелетін қылмыскер атануы мүмкін екендігін естен шығармаған жөн. Өткізілген ЖПІШ мақсаты осындай фактілердің алдын алу және болдырмау, жол қауіпсіздігін сақтауды күшейту. Іс-шара өткен кезеңде облыс жолдарында спирттік ішімдік ішіп алып рөльге отырған 32 адам жауапкершілікке тартылды. Оларға заңнамамен көзделген ең қатаң шара қолданылды, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Барлығы ЖПІШ аясында полицейлер үш мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру