Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жаяу жүргіншілерді өткізбей қойған жүргізушілер жауапқа тартылды

Павлодарда жаяу жүргіншілерді өткізбей қойған жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қараша күні Павлодар қаласының тұрғыны полицияға қоңырау шалып, өзін көлік қағып кете жаздағанын айтты.

– Мен Катаев-Толстой көшелерінің қиылысындағы жолды жаяу жүргіншілер өткелімен бағдаршамның жасыл шамына өтіп бара жатыр едім, бірақ осы уақытта дәл алдымнан жүйткіген көлік зу етіп өте шықты. Мен артқа қадам жасамағанда, ол мені қағып кетер еді, – деді әйел.

Қысқа уақыт ішінде полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен BMW жүргізушісін анықтады. Сөйлесу барысында ол құқық бұзушылыққа жол бергенімен, жауапкершілікке тартыла қоймаспын деп ойлағанын айтты.

Осылайша, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны және жолдағы немқұрайлылығы үшін павлодарлыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Дәл осындай бұзушылық сол күні кешке тағы қайталанды.

Лермонтов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатып, Toyota көлігінің жүргізушісі адамдарды өткізбей, тоқтамастан өте шыққан. Осы уақытта патрульдеуші полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, оны ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша айыппұл санкцияларымен қоса жауапқа тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру