Ақмолада қатаң режим колониясында әртістер қойылым қойды
Ақмола облысының орыс драмтеатрының әртістерін қатаң режим колониясының сахнасы қарсы алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ең жоғары қауіпсіздік ЕЦ-166/4 мекемесі алдағы қойылатын спектакльдің, облысытық әртістердің келуі туралы афишасы орнатылғанынан кейін біраз әбігерге түсті.
Актерлік ұжымның есебінде Кипрдегі халықаралық фестиваль, Ресейдегі бірнеше кездесулері бар, бүгінде олар сотталғандарға “Күліп өмір сүруді үйрен” комедиясын ұсынды.
– Бүгінгі таңда біздің алдымызда ерекше көрермендер, олар театр өнерінде болмаса да, комедияның негізгі ниетін актерлердің ойыны, қол қимылдары, жан толғанысы арқылы адам табиғатының мәнін жеткізгіміз келеді. Бұл қойылым кездейсоқ таңдалмады, ҚАЖ департаментімен талқыланды, сотталғандарға жер бетінде қайырымдылық адамдардың көп екенін еске салу, қатайудың қажеті жоқ екендігін, өмірді сүю керектігі және әр сәтті бағалау керектігін жеткізу басты мақсат, – дейді театр директорының орынбасары, актерлік топтың жетекшісі Марина Друцкая.
Мекеме сахнасының пердесі ашылған кезде залда тыныштық орнады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Грузин ауылы өзінің тарихы мен дәстүрлерімен көрермендерді қызықтырды. Кавказ халқының жеңіл әзілі, қонақжайлылық әдет-ғұрпы залды ұзақ қошемет пен күлкіге бөлендірді. Лезгинка биі қатты ду қол шапалақпен қарсы алынды.
– Спектакль өте ұнады, жай күнделікті өмірден алшақтады. Мен ешқашан театрда болмадым, тіпті оның қаншалықты қызықты екенін елестете алмадым. ҚАЖ департаментіне, мекеме әкімшілігіне үлкен рақмет, мұнда осындай шаралар қажет, олар моральдық жағынан көмектеседі, – дейді сотталған Георгий.