Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы бойынша ҚАЖД-да салтанатты жиын өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖД-да салтанатты жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында ҚАЖ департаменті қызметкерлерінің қатысуымен аталып өтті.

Жиын “Ақын жанды саясаткер” атты ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев туралы бейнефильмді тамашалаумен басталды. Кейіннен департамент бастығы Манарбек Габдуллин мереке қарсаңында қызметкерлер мен ардагерлерді құттықтап, өз қызметтік міндеттерін адал атқарған, қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген полицейлерді ҚР Ішкі істер министрінің, Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының, Полиция департаменті бастығы мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының марапаттауларын табыстады.

Марапаттау рәсімі аяқталғаннан соң, Атырау облысы ҚАЖД қызметкерлері назарына Н.Жантөрин атындағы филармония әртістерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарламасы өтті. Мерекелік жиын соңында елбасының өмірімен, қызмет атқару жылдарындағы еңбектері туралы кітап көрмесі қызметкерлер мен ардагерлердің назарына ұсынылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру