Түркістандық сақшылар ерікті түрде қан тапсырды
Түркістандық сақшылар ерікті түрде қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Президентінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-Ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында болашақ ұрпақтың әл-ауқатына төнетін қатер есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы екенін айтқан болатын.
Осыған байланысты тұрғындардың, оның ішінде жастардың есірткіге, нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Кинологикалық қызмет орталығының 30-ға жуық қызметкері Шымкент қалалық қан орталығының Түркістан қаласындағы филиалында өз еркімен қан тапсырды.
Осы тұста айта кеткен жөн, киелі облыс полицейлері дәстүрлі түрде үнемі қан тапсырып, мұқтаждарға көмек көрсетіп тұрады. Жалпы қай жерде, қай елде болмасын адамдардың көп қан жоғалтып, қайта құюды қажет ететін жағдайлары орын алатыны белгілі. Полицейлер осындай ауыр жағдай орын алмай тұрып, қажет кезде дайын тұрсын деген шын ниетпен бүгінгідей жақсылық ісін жасады. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері өзге де дені сау азаматтарды осылай қан тапсырып тұруға шақырды.