Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментінің жеке құрамы арасында шахмат және шашка ойын түрлерінен спорттық сайыс ұйымдастырылды

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері ҚР Тұңғыш Президенті мерекесі қарсаңында ақыл-ой спорттық ойын түрлерінен сайысқа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы арасында шахмат және шашка ойын түрлерінен спорттық сайыс ұйымдастырылды.

Сайысқа КА-168/1, КА-168/2 және КА-168/3 мекемелерінің және пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

Жалпы, шахмат және шашка ойын түрлері адамның ойлау қабілетін дамытып, жылдамдық пен тез шешім қабылдай білуге бейімдейді. Осы орайда, спорттық ойын қатысушыларына Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті кадр саясаты бөлімшесінің бастығы әділет подполковнигі Мейрамгүл Курманбекова сәттілік тіледі.

Әр жүріс сайын тапқыр шешімді қажет еткен ойында 8 ҚАЖ қызметкері бақ сынасты. Ойын қорытындысымен шахмат ойынында І орынға КА-168/2 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Александр Ступа ие болса, II орынды Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Нұрсұлтан Самбаев жеңіп алды, ал III орынды Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Нұрлыбек Адильченов иемденді.

Сонымен қатар, шашка ойнында I орынды әділет аға лейтенанты Александр Ступа, II орынды КА-168/1 мекемесінің арнайы контингент арасындағы әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің теологиялық оңалту тобының инспектор-теологы әділет аға лейтенанты Нұрболат Ықылас жеңіп алса, III орынға КА-168/2 мекемесінің 10 кереуеттік емханасы бар медицина бөлімінің терапевт дәрігері әділет капитаны Назымгүл Қожамұратова ие болды.

Жеңіс жеткен үздік ойыншылар Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кубогымен және медальдарымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру