Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентаулықтарды алдаған Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды

Түркістан полицейлері кентаулықтарды алдаған Қызылорда облысының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық ПБ-ның қызметкерлері кәсіпкерлік палатасынан қайтарымсыз қаржыны шығарып беремін деп, екі бірдей жергілікті тұрғынды сан соқтырған күдікті әйелді ұстады.Яғни Кентау қалалық полиция бөліміне жәбірленуші екі ер адам арызданып келген. Олардың айтуы бойынша, сырттай танысы қайтарымсыз ақша алып беремін деп, бірінен 220 мың теңге, екіншісінен 100 мың теңге ақша алған. Осылайша оларды алты ай бойы алдап, қайтарымсыз ақшаны алып бермей, не ақшаларын қайтармай жүрген. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен полиция қызметкерлері алаяқтық қылмысын ашу мақсатында оқиға орнына жетті. Полицейлердің жан-жақты жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті әйел Алматы қаласынан ұсталды. Оны бірден ПБ-ға жеткізді. Күдікті әйел Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушілерден алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда “102” телефоны бойынша полицияға тез арада хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру